Қалай қатысуға болады?

18 қаңтарда «Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысу бойынша өтінімдерді қабылдау басталады.

Бәйгеге 2017 жылы эфирге шыққан телевизиялық айрықша жобалар қатысады.

Бәйгеге 01.03.2018 жылға дейін Ұйымдастырушы комитетке өтінімдерін жолдаған телевизиялық өнім жасайтын ұлттық және аймақтық телевизиялық хабар тарататын компаниялар, студиялар, продюсерлік орталықтар және басқа да медиаөндіріс ұйымдары қатыса алады.

Қатысушы өзі ұсынған материалдың құқықтық міндеттерін толықтай мойнына алады.

Қатысушы туралы ақпарат өтініш толтыру кезіндегі орфографиямен және пунктуациямен жарияланады.

Өтінім беру үшін номинанттар www.kaztube.kz бейнепорталына тіркеліп, өз жұмыстарын нұсқаулыққа сәйкес жүктеуі керек.

Бұдан басқа, конкурстық өтінім жасап, электронды түрде Бәйгенің Ұйымдастырушы комитетінің мекенжайына жолдау керек.

Біздің мекен-жай:

010000, Қазақстан,
Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4
тел.: +7 7172 757-774, 757-986
E-mail: tumar2018@tumar.kz

Біз әлеуметтік желілерде